Арман - арман алдамайды, самғап ұшып келем саған Қалай от боп лауламайды, махаббатым мен аңсаған, Мен аңсаған көлдің нұры, селт еткендей шайқалады, Көңіліңнін мөлдірлігі мөлт еткенде байқалады! Аялаған аяулы аппақ құсым-ау, Саялаған жанымдай тәп-тәттісің-ау, Арайланған жап-жарық жан шуағымдай, Жүрегімді сен менің сақтап тұрсың -ау Сұлулығы дүниенің сен бар кезде жарасады, Сен барінен биік едің кім сенімен таласады, Ақ құсым-ау жарық бердің алаулаған аспаныма, жұлдызымды жағып бердің қанаттымды тапқанымда Аялаған аяулы аппақ құсым-ау, Саялаған жанымдай тәп-тәттісің-ау, Арайланған жап-жарық жан шуағымдай, Жүрегімді сен менің сақтап тұрсың -ау