Құмарым қойды-ау басылмай, Қабағым сенсіз ашылмай. Көркіңнен əзиз айналдым, айналдым. Бір тамшы көздің, бір тамшы көздің жасындай. Қайырмасы: Жайымды айтсам жасырмай, Жағдайым менің осындай. Жаным-ау менің мөлт еткен, Бір тамшы көздің жасындай. Бір тамшы көздің, бір тамшы көздің жасындай. Пейіл де бермей, бездірмей, Көлденең жанды көзге ілмей. Өзгеше күйді мендегі, мендегі Көзіңнен , жаным, сездің ғой. Қайырмасы: Жайымды айтсам жасырмай, Жағдайым менің осындай. Жаным-ау менің мөлт еткен, Бір тамшы көздің жасындай. Бір тамшы көздің, бір тамшы көздің жасындай. Ләззатың болса шекердей, Қайғың да маған жетердей. Күрсінген сайын жүрегім, жүрегім Кеудемді жағып кетердей Қайырмасы: Жайымды айтсам жасырмай, Жағдайым менің осындай. Жаным-ау менің мөлт еткен, Бір тамшы көздің жасындай. Бір тамшы көздің, бір тамшы көздің жасындай.