Табылды Досымов - Сәйгүлік 1.Кездерде кейде қара бұлт айды бүктеген, Үйіме үнсіз тұңжырап қайғырып келем. Талықсып жатып содан соң кетемін ұйықтап, Ұйықтап кетсем түсімде сәйгүлік көрем... Қайырмасы: Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап, Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап. Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам, Мен болсам - арман, тұлпарым - арманнан да әппақ! 2.Жосылтам, шіркін!Борайды жаңа өлең қардай. -Тұлпарым қандай сол шақта және мен қандай?! Аңсау бар жанда ес - түссіз! -Тым - тым алыста Тек мені күтіп жатқан бір ақ әлем бардай ...... 3.Аққу сындымын бүгінде айдыны - қырау. Ақ әлемге барып жерлер ем қайғыны мынау. -Өңіме қарап, апыр - ау, шаппайсың ба енді, Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..